Үи жағдайында жасалатын торт!
✅ Қамырына:
🔸 Жұмыртқа – 1дана
🔸 Сүзбе – 200г
🔸 Қант – 1ст
🔸 Ванилин – 1пакетик
🔸 Разрыхлитель – 1пакетик
🔸 Ұн – 300г
🔸 Креміне:
🔸 Сүт – 1/2л
🔸 Жұмыртқа – 1дана
🔸 Қант – 1ст
🔸 Ванилин – 1пакетик
🔸 Ұн – 3 ас қасық
🔸 Сары май – 150г
🔸 Грек жаңғағы – 150г
🔸 Бетін сәндеу үшін шоколад. – 100г
✅ Торт дайындау тәсілдері:
Сүзбені қантпен араластырып, оған ванилин, жұмыртқа және разрызлител қосамыз. Енді жаймен ұнды қосамыз да қамыр илейміз.
Қамырымызды бірдей қылып бірнеше бөлікке бөлеміз. Қамырыларымызды жұқалап жайып бетін шанышқымен тесеміз. Енді сковородкамызды кептіріп қыздырып аламыз да қамырымызд екі жағын пісіреміз.
Енді дайын қамырларымызды алып жан жағын бірдей қылып дөңгелете кесеміз.
Кремімізді дайындап аламыз:
Жұмыртқаны жарып қантпен жақсылап көпіргенше араластырамыз. Ванилин мен ұнды қосамыз. Енді сүтті қосып баяу отқа қойып, қоюланғанша араластырамыз.
Дайын кремімізді суытып сары май мен жаңғағымызды қосамыз.
Енді дайын корждарымызды алып әр қайсысының арасына және айналдыра жағып бетінен үгітілген күлшемізді сеуіп, шоколадымызды үкіштен өткізіп ең бетінен айналдыра сеуіп қоямыз.